Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Айсұлтан Назарбаевтың өлімін атасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қалай қабылдағаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Дәурен Абаев Айсұлтан Назарбаевтың өлімі туралы бірнеше пікір білдіргенін айтты.
«Әр адам осы нәрсе жайлы сөз қозғағанда өз баласы мен өз немересін еске алсын. Туған немересіне қатысты қалай қабылдайды, ол кісі де дәл солай қабылдады. Ол президент пе, қарапайым қызметкер ме, кім болсын, баласы мен немересіне қатысты барлығы бірдей қабылдайды деп ойлаймын. Президент басқаша қабылдайды деген сөз жоқ. Көрсете ме, көрсетпей ме, бұл екінші жағы. Іштей күйіп бара жатса да, сыртқа көрсетпеуі мүмкін», – деді министр.