«Білімді қыздың ер адамнан төмен түсуі өте қиын» - Тамара Асар
Әнші Тамара Асар «Хабар» арнасындағы бағдарламалардың бірінде білімді қыздар мен білімсіз жігіттер туралы айтты. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Фото: sn.kz
«Біз қыздардың мойнына жүкті көп артамыз. Мен әйел бола тұра өзім қанша жақсылықты да, қиындықтарды көрсем де қыздардың мойнына жүкті көп артамын. Ер адамдар, сіздер мықты болуларыңыз керек. «Байтал шауып, бәйге алмас” деген сөз бар қазақта. “Ер азаматыңның бойы бір қарсы төмен болса, сен бір бас төмен тұр» дейді қазақ. Сондықтан осыншама бойына білім жинаған қыз барады да ақырында бір жігітке ғашық болады. Сол жігіттің не білімі жоқ, не қолынан ісі жоқ. Таңертеңнен кешке дейін инстаграмды қарап жатады. Ол қыз одан кішірейсе, ол қандай отбасы болады?! Ол жігіттен бір бас кішірейсе, ол қандай отбасы болады?
Сонша білімді жинап, сандыққа салып, кілттеп, кілтін лақтырып жіберуге тура келеді. Ол топас болу керек болады. Сондықтан ер адамнан төмен түсу өте қиын. Әсіресе, ақылы тайыз адамнан түсу қиын. Көкірегін керген білімі бар, өресі бар текті жерден шыққан қыз осыншама төмен түсу өте қиын. Сондықтан, “жігіттер, жиналыңдар” дегім келеді. Екі қолды, екі аяқты Құдай бергеннен кейін инстаграммен, тілмен, түрмен емес он саусақпен темірді өргендей қылып жұмыс жасаңдар дегім келеді. Егер 18 жасымды маған қайтып берсе, мен шеге қағатын жігітке, шеге қағып білетін жігітке тұрмысқа шығатын едім», — деді Тамара Асар.
-
В Шымкенте на олимпиаде произошло массовое отравление детей23.03.2023, 15:16Жители Каскелена устроили скандал из-за бесплатного плова на Наурыз23.03.2023, 14:37Землетрясение вновь ощутили в Шымкенте и Таразе23.03.2023, 05:00Ожесточенную схватку за место в автобусе на Наурыз сняли на видео в Шымкенте23.03.2023, 13:16ДТП с участием детского автобуса произошло в ТРЦ в Алматы23.03.2023, 18:18В Актюбинской области годовалая девочка упала в четырехметровый колодец23.03.2023, 13:57
-
06:37Директор школы подарил коллекцию редких птиц ученикам Кызылорды06:00Прогноз погоды в Казахстане на 24 марта05:05Рыбакину сравнили с Джоковичем после исторического триумфа03:44Баян Алагөзова Жанар Дұғаловаға бақыт тіледі02:31Жители Актау жалуются на продающих амулеты попрошаек01:10ВОЗ сообщила о снижении смертности от COVID-19 в мире00:25Шесть сел пострадали от землетрясения в Таджикистане