понедельник, 6 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Алматы тұрғыны Сатыбалдының қонақүйі үйсіз жүрген студенттерге жалға берілуін талап етті

Алматылық студент Қайрат Сатыбалдыға тиесілі қонақүйі студенттерге арзан бағада жалға берілсін деген үндеу жасады. Видео «Адырна» ұлттық порталында пайда болды.

«Бұл Сатыбалдының қонақүйі! Есентайдың бойында, таудың етегінде орналасқан. Сатыбалды Мәсімовпен ауыз жаласқаны үшін түрмеде отыр. Енді айтарым, студенттер осы үйге кіріңдер! Әкімшілік айтты «Айына 25-30 мың төлеңдер, қонақүймен біз келісімшарқа отырдық. Студенттерді кіргіземіз» деп айтты. 7 жыл болды, босқа қаңырап тұр бұл қонақүй. Осыған кіріңдер! Кім айына 25-30 мыңнан көп төлей алса, сол студенттер әкімшілікке барып айтыңдар. 12-сі күні кешкі 17.00 мен 22.00 арасында өртеніп кеткен әкімшіліктің алдына құрылтайға келіңдер. Сол жерде үй берсін деп талап етіңдер. 25-30 мың айына жақсы емес па?» – деп үндеу жасады ол.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, бұл Grand Asia Kempinski қонақүй 2018 жылы ашылуы керек еді. Алайды оның иесі туралы ақпарат ашық дереккөзде жоқ. 

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 3
Забавно 2
Сочувствую 1
Возмутительно 19