суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Түркияда тұратын Тұрсынбаева халықты алдап ақша тауып отыр деп айыпталды

Үнемі ел аузында жүретін Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты тағы да шу шықты. Бұл жолы танымал блогер «Айдың нұры» қайырымдылық қорына тексеріс жүргізуді талап еткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: instagram.com / aidyn_nury
Фото: instagram.com / aidyn_nury

Блогер Ирина Раззақ өзінің Instagram-дағы парақшасында Айнұр Тұрсынбаеваның қорын тексеруді талап етіп, құзырлы орган мен билік өкілдеріне ашық хат жолдады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ирина Разақ (@irina_razzakh)

Онда ол Айнұрды әлеуметтік желі арқылы адамдарды алдап-арбап ақша жасады деп айыптайды. Оның айтуынша, халықтың құқықтық және қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, қыруар қаржы тапқан қор заңсыз жұмыс істеп отыр.

«Өздеріңіз білетіндей, кибер қылмыстардың белең алуы, интернетті пайдаланып алаяқтық жасайтын топтардың пайда болуы қоғамда наразылық тудырып отыр. Яғни, желі арқылы адамдарды алдап-арбау, әртүрлі тәсілдермен сенімге кіріп, оған қиянат жасау арқылы қаражат жымқыратындардың дер кезінде ұсталмауы, олармен күрестің әлсіздігі деп білемін. Халықтың құқықтық және қаржылық сауатсыздығын пайдалану арқылы теріс пиғылын жүзеге асыратындардың заң бойынша жазаланбауы, олардың өсуіне ықпал етіп жатыр. Әлеуметтік желідегі халықтан ақша жинап, түрлі түсініксіз қорлар ашып отырған белгілі айтыскер ақын, мотиватор, коуч Айнұр Тұрсынбаеваның «Айдың нұры» қайырымдылық қорына қатаң тексерісті талап етеміз!» — деп жазылған хатта.

Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаеваның қорына қатысты тексерісті бұған дейін белгілі заңгер Айгүл Орынбек те талап еткен еді.

Что думаете об этом?
Нравится 61
Мне все равно 9
Забавно 25
Сочувствую 183
Возмутительно 33