суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-7oC
×

Қазақ оқушысы Дубайда өз жүлдесін анасы қайтыс болған досына берген

Қазақ оқушысы Дубайда өз жүлдесін анасы қайтыс болған досына берген. Бұл туралы 81 мектеп-гимназиясының мұғалімі Асанұлы Нұрғали Instagram парақшасына видео жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Алматы қаласындағы 81 мектеп-гимназия, 6 сынып оқушысы джиу-джитсудан Абу-Дабиде болған әлем чемпионатынан күміс алқа иегері атанды. Алғашында досымен алтынға таласып, финалға түскен ол бас жүлдені досына берген.

Ол финалға 4 адамды жеңіп шығады. Сол кездегі қарсыласы өзімен бір клубта жаттығатын спортшы болып шығады. Ол спортшының жақында анасы қайтыс болғанын естіген болуы керек, күреспей бірден бірінші орынды сол спортшыға береді. Қарсылас спортшы өзінің қуанышын жасыра алмай көз жасқа ерік беріп, алғысын айтқан.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 66