воскресенье, 12 мая 2024 г.
icon
439.4
icon
473.54
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Бибісара Асаубаева әріптестерімен қарым-қатынасының не себепті нашарлағанын түсіндірді

«100 сұхбат» бағдарламасында шахмат Федерациясындағы Бибісара мен қыздар арасындағы кикілжің туралы сөз болды. Бибісараның анасы қызының қазақстандық әріптестеріне өкпелі екенін жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Sputnik.kz
Фото: Sputnik.kz

«Әдетте сайыстардан жүлде алып, жеңімпаз атанып келген әріптестерін Бибісара құттықтап, Instagram-да жазба жариялап, пікір қалдырады. Бірақ былтыр өткен сайыстан кейінгі жағдайды мүлдем түсінбедім. Бұл Бибісараның ғана емес, Қазақстандағы шахмат әлемінің жеңісі емес пе?!

Осы туралы ҚР шахмат Федерациясының бас жаттықтырушысы Павел Коцурдан мән-жайды түсіндіруін сұрадым. Менің «Неге бізді балалар мен оның ата-аналарын құттықтамады?» деген сауалыма бапкер: «Сенің қызың құрамадағы қыздардың арманын ұрлады. Олардың құттықтамауы – қалыпты дүние», — деп жауап берді.

Осы жағдайға қатысты Бибісараның өзі де пікір білдірді.

«Құрамадағы қыздармен арақатынасымызды жақсы деуге келмейді. Менің Ресейдегі бапкерім қазақстандық құраманың жас, болашақтан үміт күттіретін команда екенін айтты. Оның айтуынша, бізде ауызбіршілік жетіспейді. Халықарлық сайыс кезінде «сен менің арманымды ұрладың» деп бір-бірімізге қыр көрсетпей, керісінше, бір-бірімізді барынша қолдау керекпіз. Қазақстандық шахматшылардан дос-құрбыларым жоқ, тек шетелдік шахматшы қыздармен араласамын», — дейді Бибісара.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 11