воскресенье, 5 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Darkhan Juzz-дің әйелі марқұм күйеуінің соңғы сөзін айтты

Таиландта қаза тапқан қазақстандық музыкант Darkhan Juzz-дің әйелі Instagram парақшасында марқұм күйеуін еске алып, жазба жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марқұмның жұбайы оны жылы естеліктерімен еске алып, әрқашан көмек қолын созғанын айтты.

«Маған әр кез, әсіресе, балалар туғанда көмектестің. Оның қандай музыкант болғанын бәрі біледі. Бірақ қандай керемет күйеу және әке болғанын бәрі біле бермейді. Біз жүріп жүргенде мені үйге дейін шығарып салғаныңда «Мен сенің күйеуің, досың, бауырың және әкең боламын» дедің. Сол кезде сенің не айтқың келгенін түсінбедім. Бірақ үйленгеннен кейін бәрін көрдім және көзім жетті. Мені Бөрте, Күн мен айым деп атадың, ал мен үшін сен Алтын едің», ― деп жазды ол.

Әйелі сондай-ақ марқұм күйеуі әрқашан жоспарларын айтып жүретінін және ол ән айтып келгенге дейін ұйықтамай күтетінін, әр кез әндерінің демо-нұсқасын жіберетінін айтты.

«Маған түнде кітап оқып беретінсің, ұйықтап кетсем, сен Джек Лондонды әрі қарай оқи беретінсің, ал таңертең не болғанын айтып беретінсің. Сенің айтқаныңның бәрі есімде. Соңғы сөзің «Уәде берсем де, сендермен бірге болуға уақыт таба алмай жатырмын, кешіріңдерші. Мен студиядамын. Уақыт жоқ, жұмыс көп. Босай салысымен уақыт бөлемін» болды. Сен қуанғаннан жарқырап жүрдің. Осы жылға көп жоспарың мен жұмысың болды. Ұшпауың керек еді. Ол сенің жоспарыңда болмаған еді. Әрдайым жоспармен жүріп, оны өзгертпеу керек еді. Сен әрдайым осылай айтушы едің. Ешқашан өтірік сөйлемейтінсің және бетке айтатынсың. Әрқашан «қалай бар - солай қабылдасын» деп айтатынсың. Сен менің қаhарманымсың. (...) Менің жаным. Менің Алтыным», ― деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cym Maiya (@sama_02_04)

 

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 6
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0