четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

«Арулар сүйсіне қарайды»: Абай облысында бойы 2 метрден асатын адам тұрады

Абай облысының Көкпекті ауданында бойы 2 метрден асатын адам тұрады, деп «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан кадр
Фото видеодан кадр

47 жастағы азамат бойының ұзындығы өмірде де, жұмыста да көп септігін тигізетінін айтады.

Тек киім таңдауда аздаған қиындық болады, дейді кейіпкеріміз.

Станислав Вишняков аудан орталығы Көкпекті ауылында тұрады. Осындағы сорғы стансасында 25 жылдан бері машинист болып жұмыс істейді. Әріптестері мұндай білікті маманмен бірге еңбек ететінін мақтан тұтады.

«Өте жауапты, жақсы адам. Жұмысқа берілген. Бір ғана мәселе, арнайы киім алғанда қиындық болады. Киім тігетіндер бізге сенбейді. Сол үшін фото мен видео жібереміз. Сөйтіп қана алдырамыз. Ең жақсысы, биіктегі жұмыстарды Станислав түк қиындықсыз істей береді», — дейді әріптесі Руслан Закиров.

Станиславтың бойы 10 сыныптан өсе бастапты. Ол кезде 197 сантиметр болған екен. Ал 37 жасында бойының ұзындығы 2 метр, 8 сантиметрге жетіпті.

Бірақ жыл өткен сайын шөге бастайды екенсің. Қазір бойым - 2 метр, 2 сантиметр, салмағым – 125 келі, аяқ киім өлшемі – 47 сантиметр, дейді ол.

«Бойдың ұзын болғаны жақсы ғой. Көшеде арулар сүйсіне қарайды. Көкпектіде маған шақ келетін киім жоқ болғандықтан Семей мен Өскеменге арнайы барамын. Жұрттың бәрі маған таңдана қарап, суретке түсіп жатады», — деп айтты Станислав.

Бос уақытында спортпен шұғылданатын Станислав зайыбы Айжанмен бірге екі бала тәрбиелеп отыр.

Станиславтың айтуы бойынша, ұлы Семейде оқиды. Оның бойы да әкесімен шамалас екен.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1

В статье: