четверг, 8 июня, 2023
icon
446.65
icon
477.65
icon
5.49
Алматы:
icon
30oC
Астана:
icon
31oC
Подпишитесь на нас:

«Күнде билейтін шығарсыңдар». Желіде қазақ қызы үнді жігітіне тұрмысқа шыққаны талқыланып жатыр

Желіде қазақ қызының үнді жігітіне тұрмысқа шыққаны қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Күнде билейтін шығарсыңдар». Желіде қазақ қызы үнді жігітіне тұрмысқа шыққаны талқыланып жатыр

Фото: Видеодан алынған кадр

Тойдан үзінді видео TikTok желісінде пайда болған. Ол 300 мыңға жуық қаралым жинаған.

Желі қолданушыларының бір бөлігі жұпқа бақыт тілесе, енді біреулер сынаған.

«Маған қызық, олар қалай ет жеді екен?; Қаншама адам махаббатын таба алмай жүр, біреулерге ұлты қызық; Қазақ қызын қимайсың; Бастысы бақытты болсаңдар болды; Қазақ жігіт табылмады ма?; Күнде билейтін шығарсыңдар», — дейді пікір жазғандар.

Ұзатылған қазақ қызының айтуынша, жігіт жақтағы той 22, 23, 24 маусымда болады.

Сондай-ақ, ұзатуда үнді халқы ет жемейтініне байланысты олардың дастарханына тек етсіз тамақтар қойылғанын айтты.

Олар оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, Instagram арқылы танысқандарын жеткізген.

Ал үнді жігіті 22 жылдан бері Қазақстанда тұрады екен.