суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Ақтауда 16 дәрігердің улануына қатысты тексеріс басталды

Ақтауда ауызашарда астан уланған медицина қызметкерлеріне қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото:  «ИА New Times»
Фото: «ИА New Times»

Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мәлімдеді.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аурудың топтық жағдайы, жіті ішек инфекциясы, гастроэнтерит туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта басқарма мамандары эпидемиологиялық тергеу жүргізіп, аурудың мән-жайын анықтап жатыр», – делінген басқарма мәліметінде.

Әзірше ауызашар берілген мейрамхананың аты белгісіз. Мамандар тергеу жүргізілгеннен кейін жариялайтынын айтып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда ауызашарға барған медицина қызметкерлерінің астан уланып қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0