понедельник, 5 июня, 2023
icon
447.9
icon
482.16
icon
5.54
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
23oC
Подпишитесь на нас:
Общество Диляра Санжарова
27 апреля, 2023, 18:19

Қытай елшісі Қазақстанмен арадағы визасыз режим туралы айтты

Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытаймен өзара визасыз режим енгізу жоспарлары туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытай елшісі Қазақстанмен арадағы визасыз режим туралы айтты

Фото: gov.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы аясында журналистер көрші елдің елшісінен Қазақстан мен Қытай үкіметтері өз азаматтарына екі бағытта да визасыз режимді қашан енгізетінін сұраған.

«Ондай әңгіме бар. Визалық режимді жеңілдету талқыланып жатыр», – деп жауап берген Чжан Сяо.

Бұл қашан шешіледі деген нақтылау сауалына дипломат:

«Келіссөздердің өрбуіне байланысты. Биыл, біз әрине бұған үлкен үміт артамыз»,— деп жауап берген.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытайдың өзара визасыз режим енгізетіні белгілі болған еді.