среда, 24 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Павлодарда оқушылар автобуста әнұран айтып, өзге ұлт өкілінің наразылығын тудырды

Павлодар қаласында қоғамдық көлікте бір топ оқушы мемлекеттік әнұранды айтып, өзге ұлт өкілінің наразылығын тудырды. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады Halyq Uni.

Фото: ИА «NewTimes.kz»
Фото: ИА «NewTimes.kz»

«Павлодар қаласына футболдан жарысқа барған Алматы облысының оқушылары орыстанып кеткен халыққа әнұран шырқап кетті», - делінген жазбада.

Одан әрі бейнежазба авторы: «Қазақ тілін жастар өзі-ақ трендке айналдырады, сендер қаласаңдар да, қаламасаңдар да» деген пікір қалдырған.

Ал автобуста қазақ балаларының мемлекеттік әнұранды айтқанын ұнатпаған жолаушының бірі: «Сендер не істеп жатсыңдар?!» - деп наразылық танытқан.

Алайда әлеуметтік желіде олардың видеосы көп қолдауға ие болды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 2