суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-5oC
×

Енесінің алдында еркелеп жатқан Сатыбалдының әйелі жұртты сүйсінтті

Танымал актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасына анасы мен жұбайы Назгүл Қарабалинаның бейнежазбасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ене мен келіннің бір-біріне деген сыйластығы мен сүйіспеншілігі көптің жүрегін елжіретті. Видеодан енесі алдында жатқан келінінің маңдайынан құшырлана сүйгенін көруге болады.

«Ене мен келін. Кәрілігің қадірлі болсын десең қазірден баста. Бақыт батада. Келінің қайырлы, ұлың қайырымды болсын десең өзің де сондай бол….Өмір – бумеранг», – деп жазба жариялады актердің өзі.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары ене мен келін арасындағы сыйластықты байқап, тамсанды.

«Азамат, тамаша көрініс сыйлап, көңіліміз бен көзімізді қуантқаныңызға рахмет!», «Ене де, келін де керемет жандар болып тұр ғой. Жүз жасасын», «Осындай өнегелі видео көбейсе», «Жылап отырып қарайды екенсің», – деп жазба астына пікір қалдырды желідегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AZAMAT SATYBALDY (@azamatc)

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0