пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
19oC
1xadv
×

Желіде министрді досы секілді құшақтап, жұртты күлдірген баланың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде марапаттау рәсімінде оқу-ағарту министрін досы секілді құшақтап алып, жұртты ду күлдірген баланың видеосы тарады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодағы оқушы IQanat олимпиадасына қатысқан. Бұл бәйгеге 40 мың оқушы қатысқан. Ал 824 бала ақтық кезеңге жолдама алған. Кейін 110 оқушы білім бәйгесінің жеңімпазы атанды. Олар Бурабайдағы IQanat мектебінде тегін білім алады. Кадрларда осы байқауда жеңіске жеткен оқушылардың бірінің қуанышты сәті көрінеді. Ал марапатты оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табыстаған.

«Өте керемет сезімдемін. Осы уақытқа шейін күтіп отырмын. Рақмет сіздерге», - дейді видеодағы оқушы.

Желі қолданушылары арасынан видеодағы бала Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кенті №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының шәкірті екенін айтқандар табылған.

«Министр де адам ғой, осындай қарым-қатынаста болу керек», «Шынайы қуаныш, көптен күткен жеңіс жарайсың», «Министр түр бермей тұрғаны, күлу - сүннет, қуана білу керек біреудің қуанышына», «10 рет көрген шығармын», «Не деген эмоция», - деген әлеуметтік желідегілер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әр қазағым жалғызым 🇰🇿 (@shyndykz)

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 3
Возмутительно 0