суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Нұрлан имам TikTok-тан түскен табысы жайлы айтты

Имам Нұрлан Байжігітұлы Алғашқы бағдарламасында TikTok желісіне қалай келгенін және ондағы табысы туралы айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желі арқылы халық арасында тез танылған имам. Ол бастапқыда видео түсіруге ұялғанын жеткізді.

«Мен үшін тиктокқа әсер еткен ол ұлым. Мен алғаш түсіргенде қатты ұялдым, қысылдым. Өзім басқа бір бөлмеге кетіп қалып түсірдім. Енді бастапқыда қиын болды себебі 1 минутқа не айтып үлгеремін, нені сыйғызамын ішіне. Енді 1-1,5 сағат уағыз айтып жүрген адам болғандықтан барлық әңгімені 1 минутқа сыйғызу өте қиын болды. Өте көп дубль болды. Тым көп жаздым», - дейді имам.

«Халықтың қолдауын соңғы кездері сезіне бастадым. Басында қасымдағы қари бауырыма осы TikTok-қа бірге кірейік осылай видеолар жасап, уағыз айтайық дедім. Дегенмен бір өзім осыны бастап кеттім. Мысалы менде эфирде 7 мыңнан аса адам отырады. Ал сен ондай адамды мешітте жинай алмайсың. Мешіттің мінберімен, әлеуметтік желінің мінбері бірдей болып кетті. Бастысы уағызымды айтып, жастарға дұрыс жол сілтеп отырмын. Енді монитизацияға келер болсақ, осы 2 жылдың ішінде 800 доллар түсіпті. Бірақ оны елдің ішінде нақты ақшаға аударып бермейді екен. Бірақ сондай ақша тұрғанын көрдім», - дейді Нұрлан Байжігітұлы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1

В статье: