пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-2oC
×

Алматыда такси жүргізушісі белгілі блогердің бетін тырнап, көлігінен қуып шыққан

Белгілі стилист әрі блогер Мира Берген Яндекс.таксиге қатысты оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram/mira_bergen
Фото: instagram/mira_bergen

Стилистің сөзінше, кеше ол құрбыларымен кездесу үшін Яндекс.такси шақырған.

«Киініп, дайындалдым, бір кезде қосымшадан көлік келіп күтіп тұрғаны туралы хабар келді. Жаңбыр жауып тұр, көшеге шықсам көлік жоқ. Жаңбырдың астында қалып күттім. Жүргізушіге хабарлассам ол біздің тұрғын үйде кіретін жерді таба алмай жатқанын айтып, ашуланып тұр екен. Ақыры көлік келген кезде су болып кеттім. Ол туралы жүргізушіге айттым. Жүргізуші наразылығымды оған емес, басқа жақындарыма айтуым керегімді айтып, мені ешқайда апармайтынын жеткізіп, жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан оның көлігінен шығуымды талап етті», - дейді Мира Берген.

Стилист бұл жағдайдың бәрін видеоға түсіріп алған. Жүргізуші оның телефонын тартып алмақ болып, Мира Берген отырған жағынан келіп, оны жұлқылап, көліктен шығарып тастаған. Артынша Яндекс қосымшасында блогерден жол ақысы алынған.

Яндекс жүргізушісі Мира Бергеннің қолын, тіпті бетін де тырнап алған. Мира Бергеннің парақшасында бұл жайт қызу талқыға түскен. Видеоны 160 мыңға жуық адам көрген. 2 мыңға жуық пікір жазылған.

Блогер бұл жағдайдан кейін полицияға арызданған.

«Ауруханаға да бардым, медициналық тексерістен өттім, бәрін түсіріп алдым. Енді бұл істі сотқа дейін жеткіземін. Яндекс те менімен бірден байланысты. Өтініш жазу формасын жіберді. Осы жағдай арқылы үндемей қалмау керегін көрсеткім келеді», - дейді блогер.

Massaget.kz тілшісі Яндекс.такси өкілдерімен байланысты. Компания өкілдері бұл жағдайға қатысты жауап беруге уәде етті.

Что думаете об этом?
Нравится 11
Мне все равно 5
Забавно 25
Сочувствую 4
Возмутительно 3