понедельник, 20 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

«Қоғамның сорысыңдар»: Аида Балаева журналистің ажырасқан әйелдер жайлы видеосына пікір білдірді

Күні кеше елімізге танымал журналист Меруерт Әйтенова отандық бағдарламада ажырасқан әйелдер жайлы айтып, көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Аида Балаева пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото коллаж Stan.kz
Фото коллаж Stan.kz

Аида Балаеваның журналистің бұл видеосына қатысты білдірген пікірін Динара Сәтжан Telegram арнасында жариялады.

«Ол кісінің бұл айтқанын ақтап алуға болмайды, оның үстіне өзі журналист. Адамдар үйленеді, ажырасады. Мұндай жағдай өзінің басынан өтпейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. Сол себепті бұлай айтпауы керек еді. Бұл жерде эфир әдебі мен мәдениетіне, бағдарлама мазмұнына жауап беретін және осындай адамдарды бағдарламаға шақыратын редакторлардан жауап алу керек. Менің ойымша, хайп қуамын деп шектен шықпау керек. Ол бұл сөзімен ажырасқан көптеген әйелдің сезімін қорлады», — деді Аида Балаева.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын журналист Меруерт Әйтенованың отандық бағдарламаның бірінде ажырасқан әйелдер жайлы айтқан видеосы тарап кетті.

«Бақытсыз әйелсің, бақытсыз анасың. Бақыт көрмеген әйелсің. Отырсың қазір әлемге жылап… Төрт баланы тапқызып, тәтті төсектің дәмін сездірген еркекпен неге жабысып өмір сүрмейсің? Егер бәріміз жеңіл өмірді қалап, күйеуімізге көнбей, миымыз ағып кете берсек… Сендер, мына ажырасқан әйелдер қоғамның сорысыңдар. Біз жек көреміз. Мен мысалы жеке өзім, ажырасқан әйелдерді жек көрем. Олардың жанында отырғым келмейді. Мен сияқты отбасын сақтап, көніп отырған млн-даған әйелдер бар. Солар ажырасқан әйелмен бір дастархан басында отырғысы келмейді», — дейді видеода Меруерт Әйтенова.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1

В статье: