пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Ішкиімдері де жоқ»: Түркістан облысында немере ағасы екі қарындасын күң еткен

Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары «Көреміз» бағдарламасына айтқан, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысының тұрғындары 11 жыл бір партада отырған сыныптастарының жай-күйіне алаңдап, бағдарламаға жүгінген. Олардың сөзінше, сыныптастарын туған ағасы еңбек құлдығына жеккен.

Екі қыздың бірі 1991 жылы, екіншісі 1996 жылы дүниеге келген. Екеуі де Мұхтар Шаханов атындағы мектепті бітірген. Қыздардың бірінің сыныптасы оларды мектеп бітіргелі көрмегенін, бірақ мектеп кезінде мұндай болмағанын айтады.

«Қыздар тек «нан мен су ішеміз» дейді. Қыздардың үстіндерінде майка мен шалбар ғана. Ішінде ішкиім де жоқ. Не төбесі, не астарында ішкиімдері жоқ. Үйді толық аралағанда, тіс щеткасы мен паста, сабын, басын жуатын сусабын көрмедім. Үстерінен қоңырсық иіс шығып тұр», - дейді қыздардың бірінің сыныптасы.

Апалы-сіңілі мектеп кезінен адам танымастай өзгерген.

«Шынымды айтсам, танымай қалдым. Сүйек болып кеткен. Арқасы бүкірейіп кеткен. Мектеп кезінде олар ондай емес еді. Түрі әдемі, сабаққа барып-келетін қыздар еді. Үстерінің бәрі жара, шаштарын қысқа алып тастаған. Малды да, итті де олай қорламаймыз ғой», - дейді сыныптасы.

Қыздардың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, мемлекеттен жәрдемақы бөлінген. Сыныптасының сөзінше, ағасы екі қарындасына бөлінген қаражатты алып, оның үстіне күн ыстықта мал бақтырады.

Ал қыздардың тағы бір сыныптасы сөзінше, апалы-сіңілінің анасы аурушаң болған, әкелері қайтыс болған. Ол қыздар анасы бар кезде таза жүретінін, 9-10-сынып оқып жүрген кезде аналары қайтыс болып, ағасы қолына алғанын, содан бастап жағдайлары нашарлағанын айтады.

Қазір апалы-сіңілі адамсенгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр екен.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 28
Сочувствую 0
Возмутительно 0