пятница, 3 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

«Күлейін бе, жылайын ба, соғыс кезінде бұлай ілінбеген шығар»: «Алматы-Арена» алдындағы жыртылған тулар талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы «Алматы-Арена» спорт және мәдениет сарайының алдындағы жыртылған тулар қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал журналист Ирина Әлімжанова желідегі парақшасында Алматы Аренаның алдына ілінген Тулардың видеосын жариялаған.

Кадрлардан Тулардың шеттері жыртылғаны көрінеді.

«Оқырманнан келген видео. Төрт ту да жыртық», — делінген видеода.

Әлеуметтік желідегілердің бір бөлігі Ту ауа райы байланысты тозуы мүмкін деген болжам да жасаған. Алайда желі қолданушыларының басым көпшілігі Туды мұндай күйде іліп қою ұят екенін жазған.

«Тым болмаса, тудың көрікті боп тұруын қадағаласа ғой. Бұл жай мата емес, қазақтың ар-намыс, абырой-беделі екен неге түсінбейді. Ертеден Ту құласа елдің рухы құлады дегенмен бірдей», «Жырып дегендеріне мәз-ау ақымақтар, Көк Тудың қасиеті мықты ғой, көк аспан мен қыран құс символы босқа тұрған жоқ, Алланың қолдап қорғап тұрған ерекше назары ауған халықпыз ғой. Алла бәрімізге ортақ оны білемін...», «Күлейін бе, жылайын ба, соғыс кезінде тулар бұлай ілінбеген шығар кезінде», «Әкім аспанға қарамайды, қараса ұшып бара жатқан самолетті көрер еді», «Ұят болған екен», — дейді олар.

Бұл мәселеге байланысты қалалық әкімдікке сауал жолданды.

«Алматы Арена» спорт кешені әкімшілігінің ақпараты бойынша флагштоктағы ілінген тулар ай сайын ауыстырылады. Кешенде 2 данадан 2 комплект ту қарастырылған. Сонымен қатар, 1 қыркүйек күні алаңдағы 4 ту ауыстырылған. Алайда, 11 қыркүйек күні болған қатты желдің ұйытқуына байланысты флагштоктағы ілінген 3 ту зақымданған. Аудан әкімшілігінің тарапынан зақымданған туларды ауыстыру жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 12 қыркүйек күні тулар алынды. Қазіргі уақытта кешен әкімшілігі жаңа туларға тапсырыс берді. 14 қыркүйек күні жаңа тулар ілінетіндігін жеткізді», ― деп хабарлады Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0