вторник, 7 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

«Міржақып. Оян, қазақ!» картинасы бір аптадағы кассасы жөнінен басқа фильмдерді басып озды

Қазақстандық «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің өткен аптадағы кассалық жиналымы шетелдік киноларды басып озды. Тicketon.kz сайтының мәліметінше, отандық фильм 107 млн 67 мың теңге қаражат жинаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/murat_yeszhan
Фото: instagram.com/murat_yeszhan

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі 107 млн 67 мың теңгемен бірінші орынға шықса, екінші орынды отандық комедиялық фильм - CocoJanbo 62 млн 572 мың теңгемен иемденген.

Ал «Изгоняющий дьявола: верующий» шетелдік фильмі 45 млн 371 мың теңгемен үшінші орынға жайғасқан.

Сонымен қатар үздік тоғыздық қатарында отандық «Байдың қызын аламын» және «Белгісіз батырлар» фильмі де бар.

Айта кетейік, осыған дейін «Міржақып. Оян, қазақ» фильмінің кинотеатрдағы көрсетілімі тоқтатылған болатын.

Қоғамдық шудан соң фильмнің көрсетілімі тағы бір аптаға созылды.

Кейінірек министрлер кабинетінде өткен брифингте мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетіліміне қатысты пікір білдірді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0