воскресенье, 5 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Назарбаев інісінің қазасына байланысты Астанадағы бас мешітте ас берді

Нұрсұлтан Назарбаевқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпус, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және діни қызметкерлер көңіл айтты, деп nazarbayev.kz-ке сілтеме жасап «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: nazarbayev.kz
Фото: nazarbayev.kz

Еске алу асында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев көпшілікке жылы лебізі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Осындай ауыр сәтте біздің отбасымызға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, көптеген қазақстандық көңіл айтып, қайғымызды бөлісіп, қолдау білдірді. Барлығына шын жүректен ризамын», — деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын еске алып, бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан реформалардың маңыздылығын атады.

«Әр ұрпақтың өзінің жолы мен міндеті бар. Келесі ұрпақ та өзгеріс енгізеді. Өзгеріссіз даму жоқ, онсыз алға жылжи алмаймыз», — деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің өркендеуінің, қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі халықтың бірлігі екенін атап өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 5
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1