четверг, 10 апреля 2025 г.
icon
520.48
icon
574.61
icon
6.06
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
16oC
×

«Алты келін бір шаңырақ астында тұрады»: Түйе сауып жүрген абысындар желіні тәнті етті

Фотограф Ернар Алмабек Маңғыстау облысына сапары барысында түйе сауып жүрген абысындарды суретке түсірді. Ауылдағы әдемі көрініс Қазнетті тәнті етті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Видео Сенек ауылында түсірілген.

Кадрларда абысындар бір шаңырақ астында алты келін тұратынын айтады.  

- Алты келін бір шаңырақтың астында?

- Иә, екі келін Өзенде, біреу жұмыспен, біз үйдеміз баламен, қалған келіндердің кішкентайлары бар. Үш ағайындыдан тараған балалар ғой. Біз немере келіндерміз осы үйде.

- Екеуміз немере келінбіз. Бірақ туған апам сияқты.

- Бәріміз бірге тұрамыз, ешкім бөлінбейді, бір үйде тұрған соң бір үйдің балаларымыз, дейді келіндер видеода.

««Абысын тату болса, ас көп. Ағайын тату болса, ат көп» деген осы болса керек», — деп жазды Ернар Алмабек.

Желі қолданушылары ауылдағы жылы көрініске жақсы лебіздерін жазды.

«Абысындар бір-біріне уақыт өте ұқсап кете ме? Мынадай тату абысындардан айналып-ақ кетесің», «Тамаша», «Қандай күшті қыздар,бақытты болыңдар», «Керемет, қарапайымдылық», «Шіркін бәрібір қазақтың қыздары, келіндері мықты ғой, ешкім жетпейді оларға», «Айналайындар-ау, қандай анадан туған десей», — дейді әлеуметтік желідегілер.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0