четверг, 9 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
29oC
Астана:
icon
25oC
1xadv
×

«Барар жерім жоқ деп ойлама»: Заңгер күйеуі ұратын әйелдерге кеңес берді

Заңгер Мұхамедияр Дүйсенғали өзінің инстаграм парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге кеңес берді, − деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: unsplash
Фото: unsplash

«Күйеуің ұрсады, соғады. Осылай көніп жүре берсең, ұрудың арты өлімге апаруы мүмкін. Сол үшін қол көтерсе, дереу 102-ге хабарласып, оны ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1 бабына сәйкес 15 тәулікке дейін қаматуға болады. Одан кейін де қоймаса, қылмыстық іс қозғатуға болады», - деді заңгер.

Заңгер егер күйеуіңіз сізге қол көтеруін қоймаса, қылмыстық іс қозғауға болатынын ескертті.

«Егер ұру арқылы саған орта жарақат жасаса, ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша 3 жылға дейін, ауыр жарақат әкелсе, 106-бап бойынша 8 жылға дейін, физикалық-психикалық қысым көрсетсе, 110-бап бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыра аласың», - деді маман. 

Заңгер Қазақстанның әр қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге арналған сауықтыру орталықтары бар екенін айтты.

«Күйеуінен таяқ жейтін көп әйелдің қорқынышы - барар жерім, қорғайтын ешкімім жоқ деп ойлауы. Жоқ, олай ойлама, сені мемлекет қорғайды. Дәл осындай тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге 3 айға дейін тегін тұруға мүмкіндік беретін, ішінде бес уақыт тамағы бар, психологтары мен заңгерлері бар тегін сауықтыру орталықтары бар. Олар Қазақстанның әр қаласында бар және полиция департаментіне тікелей қарайды», - деп кеңес берді Мұхамедияр Дүйсенғали.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0