пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-2oC
×

Ерке Есмахан бала босанып, күйзелісте жүрген әйелдерге кеңес берді

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан босанғаннан кейін желіде белсенділік танытып, оқырмандары жолдаған бірқатар сұраққа жауап берді. Өнер иесі жүктілік пен күйзеліс тақырыбына қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/erke_esmahan
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ерке Есмахан көпшілік көкейінде жүрген сауалдарға Instagram желісінде жауап берген. Эстрада жұлдызы босанғаннан кейін көптеген әйел тап болатын күйзеліске қатысты ойын айтты.

«Айтпақшы сол күйзелісті күтіп едім, келмеді. Кішкентай бөпенің иісі аңқып жатқанда ненің күйзелісі? Сондықтан жаңа босанған аналар, сенбеңіздер. Керісінше, шүкір айтып, осы сәттен ләззәт алыңыздар. Өйткені бұл сәт қайтып келмейді», — деп жазды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі жүктілігіне қатысты сұраққа да жауап берді.

«Жүктілігім мінсіз болды. Аурулар мені айналып өтті. Саяхаттап, ән шырқап, бейнебаян түсіріп, ойнап күлумен 9 ай тез-ақ өтіп кетті. Сол үшін тағы қыз туамын деп отырмын ғой», — деп жазды ол. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0