пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-3oC
×

Енді елімізде молдалардың бәрі бірдей уағыз айта алмайды

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Фото: ДУМК
Фото: ДУМК

Астанада өткен алғашқы уағызшылар форумында жамағатқа адал мен арамның ара жігін ажыратып, жалпақ жұртқа уағыз айтатын молдалардың тұғырнамасы бекітілді.

Елді адастырып, теріс жолға бағыттаған діни қызметкерлердің, уағызшылардың жолы кесіледі. Ал әлеуметтік желіде «домбыра – харам», «салт-дәстүрден алшақ жүрейік» деп кеуде соққандармен діни басқарма түсіндірме жүргізіп жатыр.

«Аллаға шүкір, біздің елден, біздің топырақтан әлемге әйгілі үлкен дін ғалымдары шыққан. Осы ата-бабамыздың еңбегінің арқасында қазіргі дәстүрлі ислам мен ұлт құндылықтары сабақтасып кеткен. Сондықтан ата-баба жолынан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді сақтап қалу мақсат», – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0