понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-5oC
Астана:
icon
-4oC
×

Екі келіні бар ене 23 жыл күткен қызын дүниеге әкелді

Ақтауда әйелді перзентханадан күйеуі мен енесі, 4 ұлы мен 2 келіні шығарып алды. Қуанышты жаңалықты жаңа босанған әйелдің келіні Айжамал Кенбаева өз Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды halyq-uni.kz.

Фото: соцсети
Фото: соцсети

Ал әйелдің екінші келіні Ырысгүл Базарханның айтуынша, ата-енесі қызды 23 жыл аңсап күткен. Олар нәрестеге Айсәуле есімін берген.

«Аллаға шүкір дегеннен артық не жазамын? Қандай әдемі көрініс. Жұбайы, 4 ұлы, енесі мен 2 келіні бұлай шығарып алу үлкен бақыт қой. Атам 101 раушаны мен ұлдары бір-бір құшақ гүлден сыйлағаны қандай... Көз тимесін, бәріңіздің үйіңізде осындай той болсын», - деп жазды Айжамал өз парақшасында.

Көпшілік ақтаулық келіншектің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

«Енесі бақытты шығар», «4 ұлдан кейін қыз тәтті ғой», «Бақыт деген осы ғой», «Керемет, көз тоймайды», «Тіл-көзден сақтасын», - деп жазды жұрт. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0