Министр Бағдат Мусин «байлығын» көрсетті

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram-дағы парақшасында отбасымен түскен ерекше видеосын бөлісті, деп хабарлайды Massaget.kz.

Фото: видеодан кадр

«Бақыт деген ойлап қарасаң қарапайым нәрселерден құралады. Отбасым - байлығым. P.s. Біздің сенбілік вайб осындай», — деп жазды министр.

Министрдің оқырмандары бұл видеоға

«Бағдат, сіз үлгі тұтар адамсыз! Керемет отбасы! Сізге қарап, мен өзім үшін көп өнеге алам!!!", "Алла тіл көзден сақтасын отбасыңызды, Бағдат мырза!»,«Министрлер деген осылай болу керек ше» Ашық адамдар. Жасыратыны түгі жоқ. Басқа министрлерге лайфхак»,  «Алла тіл көзден сақтасын. Міне нағыз министр. Өз ісінің маманы, отбасына көңіл бөлуді де ұмытпайды. Мамандық пен жар таңдаудан қателеспегендер бақытты болады», «Күшті. Негізі осындай ашық болу керек қой. Халайық министрлерлер де біз сияқты екі көзі және көзінің үстінде қасы бар адамдар ғой біз сияқты. Біздің мемлекеттің бір қателігі осындай бір ашық жарқын видио түсіруге анайы көрінеді деп ойлайды. Әрине, сайқымазақ болып кетпеуі керек, бірақ шынайы эмоция бар видиолар көбірек болса», — деп пікір жазған.