1990 жылдары тарихи отанына қайтпай, біздің туған жеріміз Қазақстан деп қалып қойған бір ғана диаспора бар. Ол өзіміздің корейлер, деп хабарлайды «Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы».
Корейлердің бір емес, екі бірдей мемлекеті бар. Сонда да олар қиын кезде қазақ халқының жанынан табылып, егемен елдің еңсесін бірге көтерісті.
Соңғы жылдары жалақысы көп жұмыс іздеп біздің корейлер Сеул, Пусан қалаларына барды. Әбден орныққасын, қазақ достарын тарта бастады. Марктың айтуынша, қазір Кореяда «Қазақ корейлерінің диаспорасы» қалыптасқан.