пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-2oC
×

«Болашақ» бағдарламасын жабу керек пе? Қоғам пікірі екіге жарылды

Осы аптада өткен Мәжіліс отырысында Ирина Смирнова «Болашақ» бағдарламасы қажет емес» деген пікір айтты. Депутат аталған білім жобасы өзіне жүктелген міндетін орындамай отырғанын алға тартады, деп хабарлайды Malim.kz.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

«Түрлі кәсіпорындарда болдым, кәсіпте, өндірісте жұмыс істеп жүрген «Болашақтың» бір түлегін көрген емеспін. Олар басқа орындарда, гуманитарлық салаларда жұмыс істейді. Оқып алды, өз қалағанына қол жеткізді, бірақ мемлекет ешқандай пайда көрген жоқ. Мен бұл бағдарлама қажет емес деп санаймын. Шетелде онсыз да ақысыз гранттар көп. Оқысы келген адам өз есебінен оқысын. Біздің елді жайына қалдырсын», - дейді Ирина Смирнова.

Депутаттың айтуынша, бұл қаражатты тиімді жұмсаудың басқа да жолдары бар.

Ол одан да құлайын деп тұрған және әжетханасы далада орналасқан мектептерге ақша бөлінсін деген пікірде.

Ал «Болашақ» түлегі, саясаттанушы Шалқар Нұрсейітов бағдарламаны жабу туралы әңгіме бүгін шықпағанын айтады. Бұған қатысты ойын ол facebook парақшасында жазды.

«Болашақпен» тек Байбек-Бишімбаев-Абдрахимовтар оқыған жоқ. «Болашақ» жабылған күннің өзінде ығай мен сығайдың бала-шағасы бәрібір шетелге барып оқып келеді. Керек болса, сонда еш уайымсыз қала алады. Ал «Болашақ» жабылса, ең алдымен, білімге, дамуға құштар, өзінің немесе әке-шешесінің жылдық табысы 10 мың долларға да жетпейтін қазақстандықтарға обал болады. Байқағаным – сабағын жақсы оқитын да, елге бірден қайтатын да, «отработкасын» адал орындайтын да солар.

«Болашақ» идеал бағдарлама емес. Бірақ әлсіз тұстарын күшейтуге келетін бағдарлама. Сондай-ақ «ақшаны желге шашу» деген популистік желеумен жауып тастайтын проект емес», - дейді ол.

Айта кетейік, халықаралық «Болашақ» стипендиясы 1993 жылы 5 қарашада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен құрылған. 21 жыл ішінде «Болашақ» бойынша қазақстандық 12 897 маман білім алған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0