Әлеуметтік желіде Шымкентте өткен ерекше тойдың видеосы тарады. Автордың айтуынша, үшінші мегаполистегі қуанышты кешке 1200-ден аса адам келген, деп хабарлайды kaz.nur.kz.
Видеоны Арай Сұлтан есімді қолданушы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
«Шымкенттегі 1200 адам жиналған той. Мұндай тек бізде ғана болуы мүмкін», — деп жазды автор.
Мұны көрген жұрт түрлі пікір жазып қалдырды. Олардың бірі ұлан-асыр тойды мақтаса, екіншісі даттады.
Оқырман арасында аталған кешке қатысқандар да бар болып шықты.
«1200-ден де көп адам болды. Бәрі керемет өтті. Менің туыс ағам ұлын үйлендірді. Ешқандай қарбалас болған жоқ»; «Біз 150 адамға әрең жасаймыз»; «Қалыңдық пен күйеу жігіт бәрін тани ма?»; «Қазағымның өмірі той жарыспен өтіп жатыр»; «Асыра сілтеу»; «Жақсы емес пе, жасасын»; «Бүкіл қала жиналыпты ғой»; «Осындай той жасау бұйырсын»; «Міне, деңгей»; «Сапасыз той», — деп жазды жұрт.