пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Qoslike бағдарламасы арқылы қосылып, кейін ажырасып жатқан жұп кездесті

Qoslike бағдарламасында танысып, кейін отау құрған Нұржамал мен Хуршед бірнеше апта бұрын екі бөлек кеткен. Нұржамал күйеуінің қол көтергеніне шыдамағанын мәлімдеген болатын. Хуршедтің ресми YouTube-каланында екеуі сырласып, бұрын айтылмаған деректермен бөлісті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: бейнеден алынған кадр
Фото: бейнеден алынған кадр

Нұржамал мен Хуршедтің отбасылы болғандарына 2 жыл болған. Бүгінде бір балалары бар. Хуршед бағдарлама бойы әйелін бекерден-бекер ұрмағанын айтумен болды. Кейін бірнеше мәрте кешірім сұраған да екен.

«Мен саған гүлмен бардым. Қаншама рет кешірім сұрадым. Мені кешірмейтіндей мен сенің туысқандарыңды өлтіріп қойдым ба, инвалид қылып ауруханаға түсірдім бе? Сен эгоистка болып тұрсың. Баланы ойласаң, отбасыны сақтап қалар едің», – деген сөздерімен бағдарламаны бастады.  

Нұржамал оның кешірім сұрап, екі рет қана келгенін айтты. Басқа кездері күйеуі тек баласын көруге жолығып отырған.

Ең қызығы, Хуршед әйелін ұрғанын жасырмайды. Оның сөзінше, күнде ұрмаған, әрі белгілі бір себептермен ғана қол көтерген.

«Бір-екі сәт болды, өтірік айтпаймын. Ұрған, жұлқылаған кездерім. Бірақ күнделікті емес қой. Оның да өз себептері болды», – деді Хуршед.

Нұржамал әлеуметтік желіге күйеуінің өзін ұрған тек бір суретін ғана жариялаған екен.  Оның өзі балаға аяғы ауыр кезінде болған оқиға болып шықты.

Хуршед ұру және жұлқылау деген екі бөлек мағына білдіретін сөздер екенін атап өтті. Ол көбіне тек жұлқылаған екен. Оның айтуынша, абайсызда қолы тиіп кеткен.

«Ешқандай еркек жайдан-жай ұрмайды. Сол ұрыстың бәрі неден пайда болғанын айтсаңшы?» – деген сөздермен әйеліне сұрақ қойды.

Хуршедтің айтуынша, үйде шығатын ұрыстың бәрі әйелдің ақымақтығынан екен.

«Сенің ақымақтығыңның кесірі. Сен ойдан бірдеңе құрастырып аласың, кейін соған сенесің. Солай ұрыс шығарасың. Мықты әйел жаман ойламайды, тек жақсыны ойлайды», – деді.

Сонымен қатар, Хуршед Қазақстанда мінсіз отбасы жоқ деген пікірге келді. Өзі ұрған суреттерін әйелі сақтап жүргені күйеуін ешқашан сыйламағанының дәлелі екен.

«Мен сенің досың, жігітің емеспін. Мен сенің еркегіңмін, күйеуіңмін. Қазақстанда мінсіз отбасы жоқ. Бірақ сен ұрып қалған, жұлқылаған сәттерді суретке түсіріп, компромат жинап жүрдің. Мені сыйлағаның осы ма?» – деп өз ренішін білдірді.

Бағдарлама барысында Хуршед әйеліне жеке өміріне қатысты сұрақтарды көп қойды. Өзімен ажырасса, кейін басқа еркекпен де ажырасып, өз абыройын құртып алады деп алаңдайды. 

«Жарайды, менімен ажырастың. Басқа біреуге үйлендің. Ол сені ұрмайтынына кім кепіл береді? Ол да ұрады сені. Ажырасып басқа еркекке күйеуге шығасың. Ол да ұрады, тағы ажырасасың. Сонда көшедегі қыздардан не айырмашылығың бар?» – деді Хуршед.

Әйелі бағдарламаға тек бір мақсатты көздеп келген. Ажырасу қағазына күйеуі қол қоймай жүргені мәлім болды. Дегенмен ол қағазды жыртып, қол қоймайтынын айтты. Ол баланы өзіне қалдырғысы келеді екен.

«Бала менде қалса ғана, қолымды қоямын. Оған келіспесең, қол да жоқ», – деді Хуршед.

Бағдарлама бойы күйеуімен екі бөлек кетуінің нақты себебін айтпаған Нұржамал соңында шыдамай, көзіне жас алды. Негізгі себеп – сатқындық екен.

«Мен бәріне шыдайтын едім. Сен мені ұрып, тепкілеп тепкілеп жатсаң да. Тек бір нәрсеге шыдаған жоқпын. Иттік жасап, артымнан пышақ ұрғаныңа. Қол қойса болды, кетіп қаламын деп соңына дейін шыдадым. Бұл сұхбатты ертең туысқандарым, ата-аналарым көреді. Менің кешірмей тұрғаным, сенің көзіме шөп салғаның», – деп көзіне жас алды.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0