Айтиев атындағы спорт кешенінде «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мешіт жамағаттары арасында спорттық жарыс өтті, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шара аясында қатысушылар футбол және арқан тарту бойынша бақ сынасты Жарыстың негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және ұлттық ойындарға баулу болды.
Спорттық додаға 42 адамнан құралған 7 команда қатысты.
Олардың қатарында Деркул, Қара бала, Ақсай, Жанғали, Кердері, Ар-Рахман және Қызыл мешіт командалары болды. Футбол бәсекесі нәтижесінде:
1-орынды — «Кердері» командасы
2-орынды — «Qara bala»
3-орынды — «Ақсай мешіті» командасы иеленді.
Арнайы номинациялар бойынша үздіктер де анықталды:
«Үздік ойыншы» — Бағдат Иманғазиев
«Үздік қақпашы» — Қанатов Ильяс
«Үздік шабуылшы» — Дәулет Ахмулдин
«Үздік қорғаушы» — Марат Меңдаев
Арқан тарту сайысында да тартысты ойын өрбіді. Нәтижесінде:
1-орынды — «Базартөбе» командасы, 2-орынды — «Ақ мешіт», 3-орынды — «Деркул» командасы жеңіп алды.
Жарыс соңында жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, үздік ойыншыларға арнайы аталымдар бойынша марапаттар берілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жамағат арасындағы бірлікті нығайтып, спортқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.