Шымкент қаласында тоқыма өнеркәсібі қарқынды дамып жатыр

Шымкентте өндіріс орындарын дамыту және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту қала экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жергілікті мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға да мүмкіндік береді, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: pexels
Фото: pexels

Осы бағытта жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындардың бірі – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан Balabi Textile фабрикасы. 2025 жылы іске қосылған кәсіпорында бүгінде 350-ден астам адам еңбек етеді. Фабрика Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығымен бірлесіп, жұмыссыз азаматтарды оқыту және жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруда.

Мақсат – тұрғындарға жаңа мамандық меңгертіп, оларды тұрақты жұмысқа орналастыру. Фабрика жанындағы «Әлем» оқу орталығында азаматтар үш айлық даярлық курсынан өтеді. Оларға білім алуға мемлекеттік грант бөлініп, шәкіртақы алу мүмкіндігі қарастырылған. Оқу барысында білім ашушылар шұлық тоқу жабдықтарымен жұмыс істеуді үйренеді. Бағдарламаның екі айы өндірістік тәжірибеге арналады. 

Оқу курсын сәтті аяқтаған азаматтарға сертификат табысталып, «Balabi Textile» фабрикасына тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Кәсіпорынның мәліметінше, жыл сайын бағдарлама аясында 50-60 маман даярланып, жұмыспен қамтылады. Бұл жұмыссыз азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық игеруге, ал фабрикаға қажетті кадрларды өз базасында даярлауға жол ашады.

Кәсіпорында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, жаңа технологияларды меңгеруіне де көңіл бөлінеді. Өйткені өндірістің тұрақты дамуы заманауи жабдықтармен қатар, білікті мамандарға да байланысты.
Осындай бастамалар Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттырумен бірге, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына ықпал етеді. Кәсіби даярлық пен тұрақты жұмыс орнын бір жүйеге біріктіру жергілікті еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. «Balabi Textile» тәжірибесі өндірісті дамыту мен халықты жұмыспен қамтудың қатар жүруі қала экономикасының өсуіне негіз болатынын көрсетеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0