Шымкентте жылына 50 млн жұп шұлық өндіруге мүмкіндік бар
Шымкенттегі Balabi Textile фабрикасы қазіргі таңда фабрика өнімдері негізінен Ресей Федерациясына жеткізіледі. Сонымен қатар кәсіпорын халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктерін қарастыруда, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».
Кез келген өндіріс орнының әлеуеті шығарған өнімінің көлемімен ғана емес, сол өнімнің нарықтан өз орнын табуымен де өлшенеді. Әсіресе жеңіл өнеркәсіпте бұл мәселе өзекті. Өйткені отандық өндіруші бір жағынан тұтынушыға қолжетімді баға ұсынса, екінші жағынан сапаны сақтап, импорттық тауарлармен бәсекеле түседі. Шымкенттегі Balabi Textile фабрикасы да осы талаптарды ұштастырып, өндіріс ауқымын кеңейтуді көздеп отыр.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорын 2025 жылы іске қосылды. Фабриканың жылдық өндірістік қуаттылығы 50 миллион жұп шұлыққа дейін жетеді. Мұнда шамамен 500 тоқу машинасы орнатылған. Кәсіпорын мәліметінше, 2025 жылдың қаңтарынан бастап, шамамен 77 млн жұп шұлық өндірілген.
Бұл көрсеткіш өндірістік мүмкіндіктің ауқымын аңғартады. Ендігі мәселе – тауарды тұрақты түрде сату, нарықтағы орнын нығайту. Бүгінгі таңда фабрика өкілдері бәсекелестікте сапа мен бағаның үйлесіміне басымдық беретінін айтады.
Дайын өнімді сауда орындарына жеткізу және өткізу жұмыстарын ресми дистрибьютор жүзеге асырады. Бұл өндіріс пен сауда арасындағы байланысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен кәсіпорынның ұзақ мерзімді дамуы өнімнің тұрақты сұранысына және өткізу нарығының кеңеюіне де байланысты. Бұл тұрғыда экспорттың маңызы артып келеді. Жақында фабрик белгілі халықаралық компаниясының аудитінен өтті. Бұл – халықаралық брендтермен ынтымақтастық орнату жолындағы маңызды кезең.
Кәсіпорынның алдағы жоспары – өндіріс көлемін ұлғайту, өнім ассортиментін кеңейту, Қазақстан өңірлеріндегі сауда желілерімен байланысты нығайту және экспорт географиясын арттыру.
Шымкенттегі осындай кәсіпорындардың дамуы қаланың өндірістік әлеуетін арттыруға, жергілікті өнімнің ішкі нарықтағы үлесін көбейтуге мүмкіндік береді. Ал экспорт бағытындағы жұмыс қазақстандық тауардың шетелдік нарықта танылуына жол ашады.