«Кең байтақ Қазақ елі – құшағына 140 ұлтпен ұлысты сыйдырған әлемдегі көп ұлтты бірегей мемлекет. Олар мұнда кеңес дәуірінде тағдырдың тәлкегімен келіп қоныстанып, жергілікті негізгі мемлекет құрушы – қазақ халқымен сіңісіп, ата-бабамыз оларды жатсынбай, бауырындай көріп, төрінен орын берген болатын. Бүгінде түрлі ұлттар арасында татулық берік орнаған. Бұл ретте Елбасының бастамасымен құрылған Ассамблея институтының да алар орны ерекше. Бірнеше жылғы тарихында бұл мекеме өз жемісін беріп келеді» дейді Мақтаарал аудандық «Жастар орталығы» КММ-нің маманы Г.Сұлтанова.
Орталық маманының мәлімдеуінше, ОҚО «Қоғамдық келісім» мекемесінің Мақтаарал ауданынан филиалы ашылып, онда 3 маман жұмыс істейді. Аудандағы «Жастар орталығы»аталмыш мекеме мамандарымен бірлесе отырып, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында бірнеше рет семинар өткізген.
Екі мекеменің қызметкерлері студент жастарға Елбасының 5 иституционалды реформасын жүзеге асырудың«100 нақты қадамының» мән-мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, өзге ұлт жастары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың керағар діни ағымдарға, қылмысқа бой алдырмауын насихаттап келеді.
Тағылымы терең, мазмұны кең іс-шара «Сырдария» университеті мен Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық, «Жетісай» және «Жанықұл» медициналық, Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық агробизнес, №14, №15 колледждерінде өтіп, оған 1000-нан астам жас қатысты. Семинардың жұмысшы тобы құрамында аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығының директоры М.Бейсенбаев, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы А.Есенбеков және құқық қорғау саласы қызметкерлерлері мен дін өкілдеріболған.
«Мақтаарал ауданында бүгінде 60-тан астам ұлт өкілдері өзара келісім мен тұрақтылықта ғұмыр кешуде. Қазргі таңда 5 этномәдени орталық, олардың құрамында түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Бұл ұйымдар Атакент қалашығындағы Халықтар Достығы үйінде орналасқан, онда барлық жағдайлар жасалған» «Жастар орталығының» маманы.