+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
07.11.2015 в 09:14

Ассамблеяның 20 жылдығына арнап ұлттық спорттың жаңа түрін шығарды

Жуырда Шымкент қаласында жаңа спорт түрінің тұсаукесері болды. Ол "каратэ - до" немесе "айки - до" емес Жаңа ойынның атауы - "Жауынгер"!  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының әлеуметтік жобасы аясында «Жаңа қазақстандық патриотизм - көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың табысының негізі» тақырыбында Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығына арналған жаңа «Жауынгер» ұлттық спорт түрінен жарыс форматында өткізілді.

Іс- шара Шымкент қаласының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі», Шымкент қаласының №11 жекпе-жек түрлерінен БЖМСМ, «Мирас» университеті, «Қазақстан Инженерлік Педагогикалық Халықтар Достығы университеті», «Ремаркетинг», «Ларос» сияқты жеке кәсіпкерлердің қолдауымен өтті.

Жобаның басты демеушісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қоры. 

Іс-шараның басты мақсаты – «Жаңа қазақстандық патриотизм - көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың табысының негізі» Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени достығы, бәсекеге қабілетті жаңа ұлттық Жауынгер спорт түрін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу, жастар арасында патриоттық сезім арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыстың өңірімізде ұйымдастырылып,өтуіне мұрындық болған - бұрынғы "Каратэ-до Шинкиокушинкай" Кудо, бүгінгі "Жауынгер" федерациясы.Ол - облыс көлемінде 8жылдан бері қызмет жасап келе жатқан қоғамдық бірлестік.

Федерация төрағасы  Бексұлтан Даутов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының әлеуметтік жобасын биылғы Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20жылдығына орай жаңа ұлттық нақыштағы спорт түрі етіп жүзеге асырып, оның алғашқысын өткізгеніне қуанышты екендігін айтып, жарысты қолдаған демеушілер мен ұйымдастыршыларға толықтай алғыс білдірді.

Боз кілемде өнер көрсеткен жас спортшылар 1,2,3 - орын медальдарымен және бағалы сыйлықтармен, «жауынгерліктердің» ұлттық нақыштағы арнайы спорт киімдерімен марапатталды.

Бүгіннің өзінде бұл спорт түріне қызығушылық танытқан жастардың қатары қалың. Іс-шараға өз демеушілігін жасаған "Жас қыран" республикалық жастар ұйымының ОҚО бойынша төрағасы Азат Әміртаев болшақта бұл спортпен басқа елдерге мақтанатындай етіп мемлекет тарапынан қолдау көрсету керектігін айтты.

«Жауынгер» - ұлттық спорт ойындарының жаңа түрі. Жарысты тамашалауға келген ата-аналар балаларын осынау ұлттық спорт  ойынына атыстырып, отандық спортқа қолдау көрсетуге, оның дамуына үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді. 

Атап өтерлігі, жарысқа қатысушылар арасында қазақтар ғана емес, түрлі ұлт өкілдерінің балалары да бар. Олардың жаңа форматтағы ұлттық ойынның ережелерін қазақ тілінде айтуы ойнаға қатысушылар мен қонақтарға ерекше әсер берді. 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика