воскресенье, 5 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
24oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Дін істері комитетіне «агенттік» статусын қайта беру керек

Белгілі дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Сәдуахасұлы осындай пікірде. Оның айтуынша, елдегі діни проблемаларды шешу үшін аталған комитетке исламтанушылар мен дін ғалымдарын көптеп тарту керек, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Айта кетейік, кеше Ақтөбе мен Алматыда орын алған екі бірдей лаңекестік оқиғадан кейін дін саласына ерекше мән беру керектігін түсіндік.

«Діни басқармаға кадрлық мәселеде отандық исламтанушылар мен дін ғалымдарын да тартқан дұрыс шығар. Олар діни білім мен зайырлылықты үйлестіре білген мамандар. Жоғары оқу орындарында лекция оқыған, ғылыми мақала жазған, ойын толық жеткізе алатын дайын кадрлар. Исламды дұрыс насихаттау мақтасында, теріс діни ағымдарға, радикалды ұстанымдарға қарсы жұмыс жүргізуде ғалымдардың пайдасы мол болары сөзсіз. Олардың имам болып, мешітте қызмет қылуы шарт бола қоймас. Ал енді мешітте қызмет қыламын дегендері болса, онда мұндай мәселелер өз уақытында шешімін табады деп сенемін. Әрине, бұл жағдай қаржылай демеуді де талап етері сөзсіз», — дейді танымал дінтанушы.

Оның пікірінше, мемлекет дінге ерекше көңіл бөліп, Дін істері комитеті бұрынғыша «агенттік» статусын қайта алуы тиіс.

Еліміздегі Дін істері комитеті Қазақстан Республикасында дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті орган болғандықтан оның көтеретін жүгі ауыр, жұмысы ауқымды: дін саласына қатысты түсіндіру, түрлі аудио-видео, әдебиет өнімдерін талдау, сараптау, ақпараттық-насихат жұмыстарын жолға қою, діни бірлестіктермен жұмыс жасау, облыстық діни басқармалармен бірге қызмет қылу және т.б. Сондықтан да елдегі діни тұрақтылықты нығайтып, радикалды ағымдарға қарсы күресті күшейте түсу үшін Дін істері комитетінің құзіретін кеңейтіп, агенттік статусын қайта қарау мәселесі өзекті болып отыр. Кейбір мамандарымыз осы мәселені айтып та жүр. Расында да шет мемлекеттерде (Түркия, Египет, Израиль және т.б.) қоғамдағы дін мәселесімен жұмыс жасайтын арнайы министрліктердің бар екендігі мәлім. Бүгінде ақпараттық қарыштап дамыған заманы болғандықтан елімізде Ақпарат және коммуникация министрлігі құрылды. Мемлекет мұнай өндіріп, атом шығарып жатқандықтан Энергетика министрлігі ашылды. Олай болса не үшін қоғамдағы діни ахуалға айтарлықтай жауапты Дін істері комитетінің жауапкершілігін арттырып, агенттік статусын қайта бермейміз? Қазірде діни сенім бостандығы аясында елімізде діни бірлестіктер мен түрлі діни ағымдардың саны күрт өсіп, діни тұрақтылық күн тәртібіндегі бірінші мәселеге айналғанына бүтін қоғам куә. Ел қауіпсіздігі, экстремизм мен терроризмге және радикализмге қарсы күрес – ауадай маңызды. Қоғамдағы әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық және діни алауыздықты тудыратын радикализммен қарсы күресу үшін агенттік сияқты ауыр локомотив қажет деп білемін» дейді Жалғас Сәдуахасұлы.

Айта кетейік, Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін елімізде жаппай тексеру және алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Мүфтият өкілдерінің айтуынша, діни тұрақтылық сақталған облыстардың көшін Оңтүстік Қазақстан облысы бастап тұр екен.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0