воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-10oC
×

Қазақ жастарының қолына қару алуының себебі не?

Қазақ жастарының қолына қару алып, лаңкестікке баруының себебі неде? Бұлардың ұстанғаны қандай «дін»? оларды басқарып отырған кім?

Иә, кешегі Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін баршамыздың көкейімізде осындай сұрақтардың туындағаны белгілі. Бұл сауалдарға жауап іздеу үшін танымал оңтүстікқазақстандық теолог-ғалым Досай Кенжетай мырзаның пікіріне құлақ асып көрдік:

– Қазір Сириядағы содырлардың методологиясында ақыл емес, тек нақылдағы бұйрықтарды орындау сияқты тәуекелшілдік ұстанымы қалды. Бұл адам құндылығын ұмытып, тек қана өлімге, жихадқа, шахидтікке бағытталған идеологияны көріктеп жатыр. Осы құбылыстан тыс қалмаған қазақ жастары да «Дәлелің бар ма?» деген сұрақтар төңірегінде нақылды ғана тану, өзін ұмытып, жаттану үдерісін басынан өткеруде. Дәлел іздеу – жақсы құбылыс. Себебі, адам рухының тыныштығы үшін мазалаған сұрақтарға жауап алу, қанағат табу, уәжді тұжырымға келу шарт. Дегенмен, «дәлелдің жоқтығы, сол жоқтың дәлелі емес». Егер дәлел жоқ деп отырса, мұсылмандар тарих бойы Құраннан, сосын сүннеттен, ижмадан, сосын қиястан дәлел жауап іздеп әуре болмас еді. Қала берді, мәзһабтар, фикх, калам мектептері қалыптаспаған болар еді. Бұлар – мұсылмандардың бүгінге дейінгі діни тәжірибесі...

Рас, қазіргі жаһандық үдерісте, уақыттың адамды езіп жатқан кезінде, жастарымыз өз бетінше ізденуден не оқудан гөрі, дайын таным, мәлімет, не құлақпен естіп, «тақлиди» иман деңгейінен шығудан қашады. Оның да психологиялық себептері жоқ емес, әрине. Ақиқатты Алламен, адаммен, тәжірибемен, нақылмен салыстырып отыру – адамның табиғатында бар құбылыс. Осылардың ішінде ақиқатты Алламен салыстырып, өздерін кішкентай ғана айна ретінде танытатындар болған. Солардың бірі әрі бірегейі Яссауи бабамыз былай дейді: «Алла мен адам арасындағы байланыста әмбебап нәтижелерге жету мүмкін емес. Осы шындық деген танымның бір бұрышын ғана жарықтандырып алсақ, қанеки. Ақиқаттың бір бұрышы сенің жүрегіңнен өтеді. Сенде бір айнасың, әрбір адам – айна. Адам сол айнадан ақиқаттың бір бұрышын ғана «көре» алады. Онда да көкірек көзі ашылса. Ал Алланың ақиқатын тұтас көрдім деу – нағыз надандық. Себебі, ол – Жаратушы, сен – жаратылғансың, ол шексіз, сен фанисің, шектеулісің, ол кемел, сен нұқсансың, міне, ақиқатпен өзіңді осылай салыстырып қарай алсаң, жахил екеніңді сезіне түсесің» дейді. Сол жүрегіңе Алла ақыл, жан берді аманат қылып. Сондықтан сен ақылдысың, бірақ адам «ақиқатты тұтас таныдым, Алла осы, ақиқат осы» деп айқайлау – ақылды адамды надан қылып көрсететін өлшем.

ДАИШ содырларының бүгінгі ұстанымы ақиқатты тек өздері ғана танып, түсінгендей, әлемге ислам жолын қайта жасап жатқандай насихаттау екендігі мәлім. Білесіздер, Ұлыбританиялық басылым «Ислам мемлекеті» ультра-радикал діни ұйымы таратты» деп сипатталған қазақ тілінде кәмелетке толмаған жас балалар түскен бейнежазба жариялады. Өрімдей жастарды осылай жариялауы олардың Қазақстанға деген көзқарасы мен бағалауының ең төменгі дәрежесі екендігін байқауға болады. Олар қазақ елі дін жағынан ең сауатсыз ел деп қарағанының көрінісі. Әйтпесе, ықпалды видео жас балаларды емес, ол жердегі идеологиялық негіздермен келуі керек еді. Бұл жерде сауатсыз қазақтың жастарын үлкен жаһандық жобаның құралы ретінде ғана ұстап отырғандығын көрсетеді. Сол сияқты, содырлардың «әл-хаят» атты медиа орталығы даярлаған бейнежазбада адамдар арабша және қазақша сөйлейді. Үш қатар субтитрлердің бірі ағылшын тілінде жазылған. Басылымның сипаттауынша, бейнематериалдың толық нұсқасының басында «хижра жасап, Аллаға оралған қазақстандық бауырлар» деп сипатталатын бір топ адам көрсетіледі. Негізінен, Аллаға оралудың мекені Сирия емес, ол әркімнің жүрегінде, санасында, танымында, өз елінде болатындығына ой жүгіртпеген кез келген мұсылман осы тұзақтың құрбаны бола береді.

Ал үзінді видеода өзі сияқты әскери форма киген қатарластарының алдында шамамен бастауыш сынып жасындағы бала Калашников автоматын жылдам құрастырып, нысана көздейді. Одан кадр сыртындағы адам қазақша: «Атың кім? Қай жақтан келдің? Қайда тұрасың? Өскенде кім боласың?» деген сұрақтар қояды. Ол: «(атым) Абдулла. Қазақстаннан (келдім). Ислам халифатында (тұрам). Өскенде, кәпірлер, сендерді бауыздайтын муджаһид болам» деп жауап береді. Міне, нағыз "исламофобия", мұсылманды, қазақты басты құндылығы рухани тірегі исламнан бездіру дегеніміз осы. Калашников автоматы – символ ретінде, уаххабистердің қаруы. Оларға бұдан артық қару берілмейді де. Бірінің етін бірі жесін, бірінің қанын бірі төксін деп беріледі. Мұсылманды мұсылманға айдап салу тактикасы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0