Алматыда автотұраққа таласқан қос азаматтың жанжалы ушығып кеткені соншалық оқиға полицейлер мен жедел жәрдем қызметін шақыртуға тура келген, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Орынға талдасқандардың жанжалы Алматы қаласындағы базарлардың біріндегі автотұрақ маңында орын алған. Бұл туралы motor.kz сайты жазды. Ондағы ақпаратқа сенсек, қос азаматтың бірі тұрақтауға орын алып қойған. Дәл сол сәтте жолдың қарсы бетінен бұрылып келген жеңіл көлік жүргізушісі әлгі орынға тоқтамақ болып бұрылады. Бұл өз кезегінде бірінші ер кісінің ашуына тиген Тіпті ол жеңіл көлікті тоқтатпақ болып әрекет еткенімен, темір тұлпар тізгіндеген азамат тоқтаудың орнына, оны капотына отырғызып алып сүйрей жөнеледі. Мұнан соң екі тұрғын сөзге келіп, тіпті жаға жыртыса бастайды. Орынға таласып, шу шығарғандардың әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр.