четверг, 18 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
22oC
1xadv
×

Астанада жүрген қос шетелдіктің «жабайылығы» қазақстандықтардың ашуын тудырды (ВИДЕО)

Елордада түнгі қаланы аралап жүрген қос шетелдік қоқыс жәшіктерін қиратып тастады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Желіде бас қала қонақтарының ерсі әрекетінің видеосы пайда болды. Видео авторының айтуынша, шетелдіктер Сарайшық көшесінің бойында тұрған қоқыс жәшіктерін қиратып тастаған. Оны байқап қалған қазақстандық жақындай бергені сол қос азамат қаша жөнеледі. Ол тәртіп бұзған қонақтарды артынан қуғанымен, олар «Макдональдс» тамақтану орнының әжетханасына кіріп, шықпай қойыпты. Желіге тараған видео қазақстандықтардың шамына тиді. Оларды «жабайы аңға» теңеген отандық азаматтар бәрібір де ел полицейлері шетелдіктерге ешқандай шара көрмейтінін, қайта керісінше өз азаматтарымыздың қамалып кету қаупі барын ашына жазған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0