воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Шымкенттік дәрігерлер шетінеген сәбидің анасына өзге шақалақтың денесін беріп жіберген

Шымкенттік дәрігерлер жұрттың жағасын ұстатты. Бұл жолы Гиппократ антын қабылдаған ақ халаттылар медицина мекемесінде шетінеген сәбидің мүрдесін шатастырып жіберген, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Шымкенттік келіншектің №4-ші перинаталдық орталықта босанған ұлы 20 күннен кейін көз жұмған. Қайғыдан қан жұтқан ана бұған дәрігерлерді кінәлап отыр.

«Система салды тоқтаусыз. Медбике "антибиотик" деді. Көз алдымда көкпеңбек болды балам. Реанимацияға барғанша жүрегі үзіліп кетті»,-деді марқұм нәрестенің анасы Айжан Кенжетайқызы.

Мүслім деп есім берген бала өлгенде де Алланың ісі деп, шу шығармаған жақындары денесін үйіне әкелгенде жаға ұстады. Жерлеудің алдында жуындыру үшін оралған ақ матаны ашқан кезде Мүслімнің орнына өзге шала туылған 4-5 айлық қыз баланың денесін көрген. Ашуға булыққан туыстары дереу перзентханаға келіп, дәрігерлерден жауап беруді талап етті. Ең сорақысы сол ақ халаттылар Мүслімнің орнына Алена есімді орыс қызының денесін беріп жіберген.
Ұлардай шулап, ашуын кімнен аларын білмей тұрған туыстарына дәрігерлер де ұстатар емес. Таңертеңнен бері бір жауаптыны таба алмай жүрген жұртқа ақыры бас дәрігердің орынбасары Мәдина Мәмбетова шықты. Бас дәрігердің орынбасары кінә қызметкерлерінен екенін мойындап отыр. Марқұм нәрестенің туыстарынан кешірім сұраған ол арнайы тексерістен кейін барлығы жазаланатын болады деп уәде берді. Оқиға орнына полицейлер келіп, арызды алып кетті. Шағымды тіркеп алғанымен олар әзір қай бап бойынша іс қозғалатынын айта алған жоқ.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0