Әйелі мен балаларын бұрышқа тұрғызып қойып тәрбиелемек болған ер азамат жұртқа жақпай қалды , деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Желіде "мейірімсіз" әкенің әрекетінің видеосы пайда болды. Бір қызығы, отбасы мүшелеріне бейәдеп сөздермен ұрысып тұрған ер кісі бұл көріністі видеоға өзі түсіріп алған.
«Бұрышта солай тұрыңдар, тіптен дандайсып кеттіңдер. Кішісінен бастап, үлкеніне...» деген ер азаматтың түсірілімінен әйелінің де бұрышта теріс қарап тұрған сәтін көруге болады. Видеоны көрген желі қолданушылары баланы бұлай тәрбиелеуге болмайтынын айтып, алдымен өзіне мәдениетті сөйлеп үйренуге кеңес берді. Дегенмен кейбірі ер кісі мұны жай қалжың ретінде түсіргенін айтып, жақтай түскенімен, енді бірі «Әзіл болса да баланың көзінше боқ ауыз сөз айтуға болмайды» деп сынның астына алды.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөз қолданылады.