четверг, 28 ноября 2024 г.
icon
498.55
icon
524.28
icon
4.75
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Танымал ақын Мұхамеджан Тазабеков пен Бекболат Тілеухан туралы шындықты жайып салды

Айтыс сахнасының ардагері, кейінгі талант иелерін қорғап әрі қолдап жүрген 67 жастағы халық ақыны Әселхан Қалыбекова елге белгілі азаматтар - Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабаеков туралы шындықты жайып салды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Ойнет сайтында танымал ардагер ақын Әселхан Қалыбековамен болған сұхбат жария етілді. Тілшінің «Кейбір ақындардың сахнадан кетуіне әсіредіншілдігі себеп болды» деген пікір бар. Бұған не дейсіз?» деген сұрағына жауап берген ол талай ақын материалдық жағдайдың жоқтығынан діншіл боп шыға келетінін айтқан.

«Бұл – ақиқат пікір. Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек біраз ақынның обалына қалды. Ақынның қай-қайсысын алсаңыз да, бәрі кедей. Не үйге, не киімге жарымайды. Соларға қамқор болғансып, Меккеге апарады. Бекболат пен Мұхамеджанмен бірге умра қажылыққа барған ақындардың бәрі діншіл болып шыға келеді, әйтеуір. Шәкәрімнің сөзімен айтқанда, бұлар діншіл емес – пәншіл» деп жауап берді Әселхан Қалыбекова. Сондай-ақ талант иесі айтыс жанашыры Жүрсін Ерман туралы да әңгіме қозғады.
"Титтейімізден бірге өскен Жүрсін қымбат адамымыз еді, соңғы уақытта бар ойы ақшаға ауып кетті. Айтысты саудаға салып жіберді",-деді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0