четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Ерке Есмаханның хит әнін орындаған бүлдіршін жұртшылықты елжіретті (ВИДЕО)

Қазақстандық бүлдіршін Ерке Есмаханның «Қайдасың?» әнін орындап, көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Желіде бүлдіршіннің тойлардың бірінде ән салған сәтінің видеосы тарап кетті. Қолына микрофон ұстаған балақай хит әндердің бірі болған «Қайдасың?» әнін жанды дауыста шырқайды. Желі қолданушылары балақайдың еліміздің қай өңірінің тұрғыны екенін білмей дал болды. Дегенмен өнерімен көпшілікті баулап алған балақайға тәнті болған қазақстандықтар бақыт пен сәттілік тілектерін жаудырып, тіпті оны болашақ жұлдызға теңеді. Тіпті кейбірі аталған туындының орындаушысы Ерке Есмаханның өзі балақайдың «шаңында» қалып қояды деп, фонограммен ән салып жүрген әншіні сынның астына алды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0