четверг, 10 апреля 2025 г.
icon
520.48
icon
574.61
icon
6.06
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
15oC
×

Ақсақалдың биіне ілесе алмаған асаба ұятқа қалды (ВИДЕО)

Тойлардың бірінде ортаға қарияны шығарып, би жарысқа шыққан асаба оған ілесе алмай қалды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Тойда музыка ырғағымен жастарша билеген ақсақал көпшілікті таң қалдырды. Бір қызығы, қарияны биге шақырған асаба оның биіне ілесе алмай қалады. Бұл сәтті әлдекімдер видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген. Оны көргендер азулы ақсақалдың әрекетіне таң қалып, қарияны мақтай түсті. Тіпті бірі «Атамыз жарады, жас кезінде бидің түбін түсіргені көрініп тұр» деп пікір де қалдырды. Желі қолданушылардың кейбірі көпшілік ортада секеңдеп билеген қарияны сынап та алды. «Жас кезде жас қой дейміз, қартайғанда не дейміз? Қартайғанда ақылды өзінен кейінгілер алатындай қартаю керек. Сайлаубектің режиссеріне ұқсап қалыпты. Осындай атамның барынан жоғы жақсы», «Қияметтің белгісі ғой мына кісі» деп ашынды олар. Ал енді бірі еге жастағы қарияны ортаға шығарып билеткен асабаны жерден алып, жерге салды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0