четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
1oC
1xadv
×

Шымкенттік заңгер терактілік шабуыл енді білім ұяларына жасалуы мүмкін деп дабыл қақты

Шымкенттік заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек соңғы кезде елді дүрліктіріп, жұрттың пікірін екіге бөліп жүрген мектеп формасына қатысты мәселені көтеріп, депутаттарға өз датын жеткізді, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Айгүл Орынбек Парламент депутаттарынан мектеп формасының түсі мен біркелкілігіне қатысты арнайы заң қабылдауды сұрады. Заңгер бұл туралы ойын өзінің желі парақшасы арқылы жеткізді.

«ҚР Парламент депутаттарына дат!

Тез арада мектеп формасына қатысты заң шығаруды сұраймын! «ҚР Мектеп оқушылары бір түсті, бір келкі форма кию керек!» дейтін заң тез арада шығарылуы тиіс. Əйтпесе миы уланған теріс ағымдағылар мектепке шабуыл жасауы мүмкін. Тиісті Заң жоқ болған соң, мектеп əкімшілігі осылай қысым көруде. Ертең бұндай қақтығыстардың кесірі үлкен дауға, сосын терактіге алып келуі мүмкін. Сол себепті құрметті депутаттар, балалардың болашағын бірінші орынға қояйық. Ал мектеп əкімшілігіне сабырлық тілеймін!

Тағы оқыңыздар: Мұғаліммен жанжалдасып, сөз қайтарған оқушы желідегілерге жақпай қалды (ВИДЕО)

Зомбилерге айтарым баланың балалығын ұрламаңдар!» деп жазды автор. Мұны оқыған желідердегілердің пікірі екіге бөлінді. Автордың ойын қолдағандар «Форма онсыз да бар. Ақ кофта, қара юбка бәрінде. Мұнда ашығын айтқанда хиджап, орамалға рұқсат жоқ деген заң керек!», «Мектеп формасына шектеу жоқ деп бір күні паранджа киіп кеп тұрмасына кім кепіл?», «Баланы өз мүддесіне пайдаланған ата-ананы түсіне алмаймын. Бала да өз сыныбында өзгелерден қандай күйде болатынын түсінбейтін сияқты ата-анасы. Баланың балалық шағын ұрламаңыздар. Кезінде сіздер мен біздерге намаз оқыған ата-әжелеріміз олай жасаған жоқ қой» деп жазды. Ал қарсылық танытқандар болса, «Бейшаралар, совет уақыты кезінде діннен безіп, үйреніп кеткенбіз ғой. Шаштарын жайып, арақ ішіп, қыдырып... Қуанбай ма нағыз мұсылман болып, жастайынан тәрбиеленіп жатқанына балаларға», «Болашақта апта сайын әжетханадан нәресте тауып алғымыз келмесе, қыздардың әуретін жапқан бір жапырақ матамен күреспейік, ағайын. Ұлт үшін қауіптісі жалаңаштанғандар!» деп қарсылық танытты өзгелері. Қалай дегенмен де желідегілердің пікірталасы әлі де тоқтар емес.

Ақпарат ретінде айта кетейік, жуырда отандық БАҚ-тарда Ақтөбеде мектепте орамал үшін шу шығарған оқушының әкесі сол аймақта орын алған терактіге қатысы бар болып шыққаны туралы ақпарат тараған болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0