+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
26.09.2017 в 10:50

Белгілі саясаттанушы: «100 пайыз қазақтар отырған жерде шенеуніктер атасының басына орысша шүлдірлей ме?»

Танымал саясаттанушы Расул Жұмалы қазақ тілін «менсінбейтін» шенеуніктерді сынның астына алды, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы саясаттанушы өзінің желі парақшасында жазды.

«Заманында даңқты Есет батыр ұрпағына айтқаны бар: "Бұ жалғаннан өткенде мені мұсылманша басымды Құбылаға қаратып емес, Ресей жаққа аяғымды қаратып жерлеңдер. Өлсем де Ресейді аяғыммен тіреп жатамын". Неткен рух пен намыс! Қазір сол Есет бабамыздың ауылы Ақтөбеде жүрміз. Қуантатыны - келген жобамыз "орыстілді ортаға қазақ тілін дәріптеу" аясында болған кездесулер негізінен өз тілімізде өткені. Себеп - орташа залды толтыратын орыстілді аудитория қалмағаны. Оған қоса бүгін Ақтөбеде қазақ тілі күні ерекше түрде аталып өтті. Көзге түскені - орыстілді ата-аналар балаларын қазақ мектептеріне жаппай беріп жатқаны. Сол бүлдіршіндердің қазақша тақпақтары мен өлеңдерін естідік, шаттандық. Негізі, жақсы үрдіс. Түсініксізі - осындай қазақиланған ортада, ол Ақтөбе, Алматы, Астана не Қарағанды бола ма, қазақ тілі неліктен толықтай билік құрмай отыр? 90-100 пайыз қазақ отырған жерде талай шенділер атасының басына орысша шүлдірлей ме?» деп жазды автор. Мұнымен қоса Расул Жұмалы бұл проблемадан шығудың жолын да өз оқырмандарына ұсынды.

«Бұл тығырықтан шығудың ең оңтайлы жолы - қоғамның, яки сіз бен біздің талапшылдығымыз. Жүрген жерде әрбір қазақ баласы, өзін патриот санаған азамат тілімізді сақтап қолдап жүрсек, тіл майданында жеңіске жетеміз. Заман, заң, тарих біздің жағымызда. Керегі ұлы бабаларымыз ұстанған рух пен намысты ояту. Онсыз өр көкіректі ел болмаймыз. Ортақ мүдде мен іс осы» деп ойын түйді саясаттанушы.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика