суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Астана тұрғыны флешмоб өткізуге құмар ОҚО жастарын келеке етті

Астаналық тұрғын әрі журналист Серғали Балажан елде болып жатқан шараларға белсенділік танытып, тіпті бір ауыздан қолдай кететін Оңтүстік Қазақстан жастары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

«Оңтүстік жастары жанармайдың қымбаттағанын қолдайды» деген флешмоб өткізсе, иә» деп мысқылды пікірін жазды автор. Бұл жазбаны оқығандар алғашында түсінбегенімен, елордалық азамат пікірінің түпкі төркінін тарқатып берді.

«Жалпы оңтүстікте 800 мыңға жуық жас бар. Өткенде олар бәрі бір ауыздан латын әліпбиіне көшуді қолдаған еді... Тек қана қолдайтын кезде 800 мыңы жұмылып кетеді. Енді халықты тыныштандыру үшін бәрі жаппай жанармайдың қымбаттағанын қолдап бір науқан өткізсе, несі жаман?» деп жазды журналист. Желідегілер автордың жазбасын іліп әкетіп, «ұйымшыл» оңтүстік жастарының ол әрекетін күлкіге балады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Оңтүстік жастары өңірде «91» тобының концертін қоюына қарсылық танытып, видеомәлімдеме жария еткен болатын. Онда наразы топ күллі облыс жастарының атынан пікір білдіремін деп сынның астында қалды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0