суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Манты дайындап, қолмен лағман созған жас әке желінің жұлдызы болды (ВИДЕО)

Қазақстандық тұрғын Серік Тілеулесов өзінің айтуы бойынша «супер әке» болудың барлық жолдарын жасап бағуда, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Осыдан біраз уақыт бұрын жас әке жұбайы үйде болмаған сәтте балалары тамақсыз қалмас үшін өзі қамыр жайып, манты түйіп, перзенттеріне ерекше көңіл күй сыйлағанын желі парақшасында жария еткен еді. Бұл жолы «супер әке» қолдан лағман созып, елді өзіне қаратты. Бұл видео желіде лезде тарап кетті. Оны көрген қолданушылары тіпті кейбір әйел адамының қолынан жасау келмейтін астың бұл түрін дайындаған ер кісіге мақтауын жаудырып,әсірсе әйел азаматтары барлық еркек осындай болса деген ниетін жеткізді. Ал кейбір жігіттер қауымы болса, үйде отағасы еркеккте тән іспен араласып, асүйдің шаруасын әйел адамы орындауы қажет деп сынды пікірлерін жеткізді. Дегенмен екі баланың әкесі Серік Тілеулесов үшін бұл пікірлер аса маңызды емес секілді. Ол парақшасында жүктелген соңғы видеосына «Әкелер, болашақта балаларыңыз сіздерге жақсы көзқараста болсын десеңіздер, оларға жиі қуаныш сыйлаңыздар» дп жазып, өз оқырмандарынан алдағы уақытта ас-ауқат дайындаған сәтінің видеосын жиі жүктеу қажет пе, жоқ па екенін кеңес ретінде кеңес сұрады. Желідегілер болса, 30 жастағы әкеге бұл ісін тоқтатпай, жалғастыра беруін өтінген. Тіпті бірі келесі жолы қандай тағам дайындау қажеттігін де ұсынды.

Видео: Серік Тілеулесовтің желі парақшасынан алынды

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0