воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-10oC
×

«КешYou» тобының экс-әншісі танымал актерге қалай «тоқал болғанын» айтып берді (ВИДЕО)

«КешYou» тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейтмағамбет танымал актер Дәурен Айдарқұловпен қалай көңіл жарастырғанын және қалай ажырасып кеткенін тікелей эфирден айтып берді. Естеріңізде болса, былтыр Ақбота мен Дәуреннің құпия үйленгендігі туралы ақпарат тараған болатын. Артынша әншінің босанып алғаны белгілі болды. Ал, бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын да туғызған. Өйткені, Дәуреннің бұған дейін әйелі мен бала-шағасы болған.

«Хабар» телеарнасындағы Ләйлә Сұлтанқызының «Тікелей эфиріне» қонақ болған Ақбота алғашында Дәуренге «тоқал» болмақ болғанын айтып қалды. Алайда, әйелі келіспегендіктен заңды түрде некелерін қимапты. Ал, дүниеге бала келгеннен кейін мүлдем аралары суып, ажырасуға бел байлаған.

«Иә, ажырасқанымыз рас. Бірақ, араласып тұрамыз, баласын көруге келіп тұрады. Бір салада жүргендіктен бірге жұмыс істесеміз», — деп Ақбота Сейтмағамбет қысқаша қайырды.

Эфир кезінде әнші көз жасына ерік беріп жолдасынан кешірім де сұрады. Оны ренжіткенін мойындады.

Айта кетейік, Ақбота Даурен Айдарқұловпен «Гламур для дур» фильмінен кейін жарасып, жұбайлық өмірді бастаған болатын. Алайда, жұрт олардың екеуін де жазғырып жатты. Әлеуметтік желі қолданушылары Дәуренді «отбасын тастап, жас қыздың артынан кетіп қалды» деп айыптаса, Ақботаны «ұстазы Баян Есентаева секілді өзгенің күйеуін тартып алып, отбасының шырқын бұзды» деп қаралап жатты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0